Роберт Левандовски "Бавариядағы" болашағына байланысты шешім шығарды

©Reuters

"Баварияның" шабуылшысы Роберт Левандовски мюнхэндік командамен келісімшартын ұзартатын болды, деп хабарлайды Fichajes басылымы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, польшалық шабуылшы келісімшартын 2025 жылға дейін ұзартады. 

Тамыз айында Левандовски басқа командаға ауысуы мүмкін деген ақпарат шыққан болатын. Бірақ ол кезде "Бавария" шабуылшыны 117 миллион еуродан кем ақшаға сатпайтынын мәлімдеді. 

Айта кетейік, өткен маусымда шабуылшы "Бавария" сапында 40 кездесуге қатысып, 48 гол соқты. Ал биыл ол 13 гол соғып, бір нәтижелі пас берді. 

32 жастағы шабуылшының қазіргі келісімшарты 2023 жылдың жазында аяқталады. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: