Роберт Левандовски "Барселонаға" ауысқаны үшін "Бавария" жанкүйерлерінен кешірім сұрады

©Reuters

"Барселонаның" жаңа ойыншысы Роберт Левандовски мюнхэндік командадан кеткені үшін "Бавария" жанкүйерлерінен кешірім сұрады, деп жазады "Р-Спорт" порталы. 

"Көп жанкүйердің ашуына тигенімді білемін. Сол үшін кешірім сұраймын. Бәріміз адамбыз. Германияда өткізген 12 жылдан кейін, карьерамның бұл кезеңі аяқталғанын  сездім. "Баварияға" да мені сату оңай болған жоқ. Бірақ маған өзгеріс керек болды. Басқа елге, басқа клубқа ауысқым келді. Қазір мен өзімді жаңа ойыншық тауып алған бала сияқты сезініп жүрмін", - деді шабуылшы. 

"Бавария" сапында Левандоски 375 кездесу өткізіп, 344 гол соқты. Ол сегіз мәрте Германия чемпионы болды. 2020 жылы Чемпиондар лигасы, УЕФА Суперкубогі және клубтар арасындағы әлем біріншілігінде топ жарды. 

33 жастағы шабуылшыны "Барселона" 45 миллион еуроға сатып алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport