Роберт Левандовски 100 футболшының арасында көш бастады

25 желтоқсан 2021 00:19
©Getty Images

The Guardian басылымының нұсқасы бойынша Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски 2021 жылдың үздік ойыншысы атанды.

Екінші орынды жазда "ПСЖ" клубына ауысқан Лионель Месси еншіледі. Үздік үштікті "Ливерпуль" форварды Мұхаммед Салах түйіндеді.

Алғашқы ондыққа Карим Бензема ("Реал", 4-орын), Жоржиньо ("Челси", 5), Килиан Мбаппе ("ПСЖ", 6), Эрлингг Холланд ("Боруссия" Дортмунд, 7), Криштиану Роналду ("Манчестер Юнайтед", 8), Н'Голо Канте ("Челси", 9) және Кевин де Брейне ("Манчестер Сити", 10).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: