Роберт Левандоски Франция мен матч жайлы ойымен бөлісті

1 желтоқсан 2022 18:33
©fifa.com

Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски әлем чемпионатының 1/8 финалына шыққан соң алдағы қарсыласы Франциямен өтетін ойын туралы айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Бұл ойында Франция құрамасы айқын фаворит. Егер келесі кезеңге шыққымыз келсе, Аргентинамен өткен матчтағыдай емес, барымызды салуымыз керек. Шабуылды күшейтуіміз керек. Франция әлем чемпионы. Бұл жолы да финалға дейін шығуы мүмкін. Алайда олардың Туниске қарсы кездесуін көрдік. Қарсыласты ұтуға болатынына көзіміз жетті. Тек өзімізге сену керекпіз", - дейді Левандовски.

Еске салайық, Қатардағы мундиальдың 1/8 финалында Польша мен Франция құрамалары кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport