Роберт Левандоски "Барселонаға" ауысуға келісім берді

©Reuters

Польша құрамасы мен мюнхэндік "Баварияның" шабуылшысы Роберт Левандоски жазғы трансфер кезінде "Барселонаға" ауысу үшін келісімге келді, деп жазады sport.interia.pl порталы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, екі тарап үш жылдық келісімшарт жасауға келісті. Бірақ шабуылшының "Бавариямен" келісімшарты 2023 жылы аяқталады. Оның үстіне шабуылшыға "Барселонадан" бөлек ПСЖ, "МС" және "Ливерпуль" командалары қызығып отыр. 

Соңғы сөз "Баварияда" болып тұр. "Барселона" мен Левандовскидің келісіміне қарамастан мюнхэндік команда бұл трансферге рұқсат бермей қоюы мүмкін. 

Дегенмен басылымның мәліметіне сүйенсек, Левандовскидің Каталонияға қоныс аударуына мүмкіндік жоғары екен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport