"Риза емеспін!". Кришитану Роналду "Манчестер Юнайтедтің" көрсеткіші жайлы

©Reuters

"Манчестер Юнайтедтің" португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду команданың нәтижесіне көңілі толмайтынын айтты. 

"Мен "Манчестер Юнайтедтің" нәтижесіне риза емеспін. Барлығының көңілі толмай, мен оған сенімдімін. Біз бұдан да жақсы жұмыс істеп, жақсы ойнап, қазіргіден де мықты нәтиже көрсетуіміз керек. 

Жаңа жыл маусымды өзгертетін сәт болсын. 2022 жылды көтеріңді көңіл-күймен рухани мықты болып қарсы алайық. Қолдан келгеннің барлығын жасап, клубтың лайықты өз орнында болуы үшін ұмтылайық. Бізге қолдау білдіріңіздер. Біз сіздерге де сенім артамыз. Жаңа жылдарыңызбен, жуырда қайта жолығамыз", - деп жазы Роналду Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, биыл Роналду Ағылшын Премьер-лигасында 15 кездесу өткізіп, 8 гол соғып, үш нәтижелі пас берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар