Foot Mercato басылымының мәлімдеуінше "Манчестер Сити" шабуылшысы Рияд Марез жазғы трансферлік маусымда басқа клубқа ауысуы мүмкін. 31 жастағы ойыншыға "Челси" мен "ПСЖ" командалары қызығушылық танытуда.
Алжир құрамасының форварды "қалалықтармен" 2023 жылға дейін келісімартқа қол қойған. Футболшының трансферлік құны 40 миллион еуроны құрайды.
Еске салайық, Рияд Марез "Лестер" сапында 2015-16 жылғы маусымда Англия чемпионы атанса, "Манчестер Ситимен" аталмыш жетістікке екі рет қол жеткізді. Алжир құрамасында өткізген 62 матчта 19 гол соқты.