Рияд Марез "Манчестер Сити" сапында желтоқсан айының үздік ойыншысы атанды

©mancity

Алжир құрамасының жартылай қорғаушысы Рияд Марез 2021 жылы желтоқсан айының қорытындысы бойынша өз командасының үздігі деп танылды. Бұл туралы клубтың ресми twitter парақшасы мәлімдеп отыр.

Жанкүйерлердің 80 % Марезге дауыс берген. 11% жинаған Кевин де Брюйне екінші орын иеленсе, үздік үштікті Рахим Стерлинг түйіндеді. Ағылшын ойыншысына 9% дауыс берген.

Еске салайық, вингер 2014 жылы Францияның "Гавр" клубынан "Лестер Ситиге" 400 мың еуроға ауысып, 2015/16 жылғы маусымда АПЛ чемпионы атанды. 2018 жылы "Лестерден" "Манчестер Ситиге" 60 млн фунт стерлингке ауысып, қалалықтар сапында Премьер-Лиганы екі рет жеңді.

Кезінде 60 млн фунт стерлингке бағаланған ең қымбат Африка футболшысы және "Манчестер Сити" тарихында сатып алынған ең қымбат ойыншы ретінде жанкүйерлер жадында қалды. Қазіргі таңда transfermarkt сайты футболшыны 40 млн еуроға бағалап отыр.

Алжир құрамасымен бірге 2019 жылы Африка ұлттарының Кубогін жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар