"Рикарду Алвеш "Ақтөбеге" ауысуға жақын болды" - Андрей Карпович командасының тренсфері туралы

©"Қайрат" ФК

Португалиялық жартылай қорғаушы Рикарду Алвеш жазғы трансфер кезеңінде "Қайрат" командасынан "Ақтөбеге" ауысуға жақын болды. Бұл туралы Vesti.kz порталының Youtube арнасына берген сұқбатында Андрей Карпович айтты. 

"Рикарду біздің тізімде болды. Ол командамызды күшейте алатынын түсіндік. Тіпті ол туралы нақты әңгімелестік те. Бірақ кейбір футболшылар мен олардың өкілдері қазақ футболындағы нарықты дұрыс түсінбейді. Сол үшін ол басқа жолды таңдады. Біз оны алғымыз келгені шындық. Айып добын орындауы, алаңды көруі мен шабуылды жақсы бастайтын футболшы. Міне, оның артық тұстары", - деді "Ақтөбенің" бас бапкері. 

Еске салайық, Алвештің "Қайраттан" кеткені туралы ақпараты 18 шілде күні шықты. Ол қазіргі уақытта Құрбан Бердыев жаттықтыратын ирандық "Трактор" командасына ауысты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар