Шотландияның 55 дүркін чемпионы "Рейнджерс" командасы Еуропа Лигасының финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Глазголықтар жартылай финалдың екінші қарымта матчтында "Лейпцигті" 3:1 есебімен ұтты. "Рейнджерс" сапында Джеймс Таверниер (19-минут), Глен Камара (24-минут) және Джон Лундстрам (81-минут) ерекшеленсе, неміс ойыншыларынан Кристофер Нкунку (71-минут) көзге түсті.
"Рейнджерс" клубы соңғы рет Еуропа Лигасының финалына 2007-08 жылғы маусымда ойнап, Санкт-Петербургтің "Зенитіне" 2:0 есебімен ұтылған еді. Жалпы еурокубок жарысына осыған дейін үш рет жолдама алып, 1972 жылы әйгілі "Камп Ноуда" Мәскеудің "Динамосын" 3:2 есебімен кубок иегерлерінің Кубогі турнирінде жеңіске жетті.
Енді биылғы Еуропа Лигасының финалында Франкфуртттың "Айнтрахтымен" кездеседі. Маусымның соңғы матчы 18-мамырда Испаниядағы "Рамон Санчес Писхуан" стадионында өтеді.