Ресми! Срджан Благоевич "Астананың" бас бапкері атанды

©"Астана" ФК

Сербиялық маман Срджан Благоевич "Астана" футбол клубымен келісімшартқа отырды. 48 жастағы маманмен келісім екі жылға есептелген.

Благоевич өз елінде түрлі клубтарды жаттықтырған және мол тәжірибеге ие. Жұмыс істеген соңғы командасы ақтаулық "Каспий", бұл команданың тізгінін екі жыл ұстап, ұжымды жоғары деңгейге шығара алды. Өткен маусымда Благоевичтің жетекшілігімен ақтаулық клуб премьер-лигада сегізінші орын иеленді.

"Астана" бірнеше апта бұрын ресейлік маман Андрей Тихоновпен қош айтысқан болатын. Ал команданы уақытша Владимир Ежуров тізгіндеді. Оның басшылығымен елордалық клуб Қазақстан кубогінің жартылай финалында "Қайраттан" (3:0) жеңіліп қалды.

Еске салайық, өткен маусымның қорытындысы бойынша "Астана" Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: