Ресми: Симоне Индзаги "Интерді" жаттықтыратын болды

Сурет: acmilanfan.ru

Симоне Индзаги келесі маусымнан бастап миландық "Интердің" тізгінін ұстайды. Бұл туралы клубтың ресми сайтында жарияланған.

Осылайша, клуб 45-жастағы италиялық маманмен екі жылдық келісім-шарт жасасып отыр. Индзагидің жылдық табысы жылына 4 млн еуро болады деп күтілуде.

Осыған дейін ол "Лацио" клубын жаттықтырған. 2020-2021 жылғы маусымның нәтижесі бойынша "Лацио" А сериясында 68 ұпай еншілеп, турнир кестесінде алтыншы орынға тұрақтаған болатын.

Ал "нерадзурридің" бас бапкері болған Антонио Конте араға 11 жыл салып миландық ұжымды чемпиондыққа алып келген еді.