Ресми! Серхио Рамос ПСЖ ойыншысы атанды

сурет: чемпионат

Испания құрамасының экс-қорғаушысы Серхио Рамос ПСЖ клубымен келісім-шартқа қол қойды деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Жуырда "Реалдан" кеткен футболшы париждіктер сапында 2023 жылға дейін ойнайды.

2005 жылдан бері "Реал" намысын қорғаған ойыншы "корольдік" клубпен Ла Лиганы 5 рет, 2 мәрте Испания Кубогін және 4 рет Суперкубокті жеңіп алған. Сонымен қатар, Чемпиондар Лигасының 4 дүркін жеңімпазы.

Рамос "бланкос" сапында 469 матчте 72 гол соқса, Испания құрамасының 180 кездесуінде 23 голдың авторы атанған. 

Метки:
Жаңалықтар