1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 09:22
 

Ресми! "Барсамен" матчтен кейін "Реал" Хаби Алонсоны орнынан босатты

  Пікірлер

blog.share

Ресми! "Барсамен" матчтен кейін "Реал" Хаби Алонсоны орнынан босатты ©Depositphotos.com/Musiu0

Мадридтік "Реал" команданың бас бапкері Хаби Алонсомен ресми түрде қоштасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz

blog.share

Мадридтік "Реал" команданың бас бапкері Хаби Алонсомен ресми түрде қоштасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz

"Реал" футбол клубы Хаби Алонсомен өзара келісім бойынша бірінші команданың бас бапкері ретіндегі жұмысын аяқтау туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.

Хаби Алонсо әрдайым "Реал" жанкүйерлерінің сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленеді, өйткені ол - "Реалдың" аңызы және әрқашан клубымыздың құндылықтарын бейнелеп келді. "Реал Мадрид" әрдайым оның үйі болып қала береді.

Клубымыз Хаби Алонсоға және оның бүкіл бапкерлік штабына еңбегі мен адалдығы үшін алғыс білдіреді және өмірлерінің жаңа кезеңіне сәттілік тілейді", - делінген "Реалдың" ресми сайтындағы хабарламада.

Еске салайық, бір күн бұрын "Реал" Испания Суперкубогінің финалында "Барселонадан" 2:3 есебімен ұтылды.

Ла Лигада "Реал" 45 ұпаймен екінші орында келеді және "Барселонадан" төрт ұпайға қалып отыр. Ал Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде мадридтік клуб жетінші сатыда орналасқан.

Қоса кетейік, Алонсо "Реалды" 2025 жылдың маусым айынан бері жаттықтырды. Оның келісімшарты 2028 жылдың 30 маусымына дейін есептелген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!