Ресми! "Астана" британиялық Пол Эшуортты қызметінен босатты

Сурет: "Астана" ФК
"Астана" футбол клубы атқарушы директор қызметін атқарған және команданың бас бапкері болған Пол Эшуортпен қош айтысты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Биылғы ҚПЛ-дегі "Қайраттан" ұтылу (0:3) және астаналық клуб үшін жалпы сәтсіз маусым болғанына байланысты британиялық маманды қызметінен босату туралы шешім қабылданды. "Астана" жаңа бапкерді іздей бастады, ал атқаршуы директор қызметі маусым аяғына дейін бос болатын сияқты. 

Эшуорт "Астанада" 2019 жылдың қаңтарынан істеп келді. Британиялық маман бас бапкер болып тұрғанда "Астана" черногориялық "Будучность" командасынан ұтылып, Еуропа лигасынан шығып қалды. Оның үстіне Қазақстан премьер-лигасында да нәтиже көрсете алмады. 
Жаңалықтар