Бұл шешім келесі маусымда күшіне енеді. ЕАЭО құрамында Ресейден бөлек Қазақстан, Армения, Беларусь және Қырғызстан бар. Аталған елдер футболшылары Ресейде легионер санатынан шығып, жергілікті ойыншылармен тең құқық алады.
"Таңғажайып процесс - беларус, армян, қырғыз бен қазақстандықтарды легионер етпеу. Тамаша жігіттер, ол жағы сөзсіз. Бірақ Ресей құрамасына ойнау мүмкіндігі жоқ жігіттер қашаннан бері легионер саналмайтын болды?
Футболды саясатқа араластырмаңдар", - деп жазыпты Шнякин твиттер желісінде.