Футбол
10 маусым 2020 13:10
 
Ресейлік комментатор қазақстандық футболшыларға берілген мәртебеге қарсы шықты

  Пікірлер

blog.share

Ресейлік комментатор қазақстандық футболшыларға берілген мәртебеге қарсы шықты Сурет: sport-express.ru

"Матч ТВ" арнасының комментаторы Дмитрий Шнякин РПЛ-де ойнайтын Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің футболшылары үшін легионер статусын алып тастау шешіміне қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл шешім келесі маусымда күшіне енеді. ЕАЭО құрамында Ресейден бөлек Қазақстан, Армения, Беларусь және Қырғызстан бар. Аталған елдер футболшылары Ресейде легионер санатынан шығып, жергілікті ойыншылармен тең құқық алады. 

"Таңғажайып процесс - беларус, армян, қырғыз бен қазақстандықтарды легионер етпеу. Тамаша жігіттер, ол жағы сөзсіз. Бірақ Ресей құрамасына ойнау мүмкіндігі жоқ жігіттер қашаннан бері легионер саналмайтын болды?

Футболды саясатқа араластырмаңдар", - деп жазыпты Шнякин твиттер желісінде. 

Жарнама

Живи спортом!