Футбол
14 қыркүйек 2021 16:17

"Ресейлік командада мүмкіндік өте аз". Белгілі бапкер "Челси" мен "Зенит" матчына болжам жасады

©РИА новости

Англия және Ресей құрамаларының бұрынғы бас бапкері Фабио Капелло "Челси" мен "Зенит" кездесуіне болжам жасады деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі СЭ басылымына сілтеме беріп.

"Зенит" үшін ауыр матч болмақ. Англия чемпионатында "Челсидің" соңғы ойындарын көрдім. Қазіргі таңда лондондықтардың бабы мықты екен. Ресейлік командада мүмкіндік өте аз. Тіпті Семак ойыншылары өте сауатты ойын өрнегін көрсеткеннің өзінде жақсы нәтижеге қол жеткізу қиын болады", - дейді италиялық бапкер.

Еске салайық, Чемпиондар Лигасының Н тобына "Челси", "Ювентус" "Мальме" және "Зенит" клубтары жайғасқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport