Ресейлік команда "Ордабасының" футболшысына қызығушылық білдіруде

©"Ордабасы" ФК

Ресейлік "Ростов" командасы Қазақстан чемпионатында "Ордабасы" сапында өнер көрсетіп жүрген 26 жастағы қорғаушы Александр Клещенкоға назарын салды, деп хабарлайды Metaratings.ru порталы. 

"Ростов" қысқы трансфер кезінде қорғаныс шебін күшейтпекші. Өйткені Ресей чемпионатының бірінші айналымында 35 гол жіберіп алды. 

Transfermarkt порталы болса "Ордабасы" қорғаушысын 400 мың еуроға бағалап отыр. 

Айта кетейік, Клещенко өз карьерасында "Томь", "Кубань", "Енисей", және "Тобыл" сапында ойнаған. Ол 2021 жылғы Қазақстан біріншілігінде 22 кездесуге қатысып, бір гол соқты. Ал "Ордабасы" болса бесінші орынға жайғасты. 

"Ростов" командасы болса қазіргі уақытта Ресей чемпионатында 14-орында келеді. Команда 18 турдан кейін 18 ұпай жинады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: