Футбол
12 қаңтар 2022 20:04

Ресейлік команда Қазақстан құрамасының шабуылшысын "Астанаға" жіберуге дайын

©"Астана" ФК

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов болашағына байланысты әлі ешқандай нақты шешім шығармады. Себебі оның ресейлік "Крылья Советов" командасы футболшының кетуіне байланысты келіссөз жүргізуде. Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатта ресейлік команданың спорт директоры Сергей Корниленко "Астанамен" келіссөздің қалай өтіп жатқанын айтып берді. 

Айымбетовтің "Крылья Советов" командасымен келісімшарты 2023 жылдың маусым айына дейін жасалған. Бірақ дәл қазір шабуылшы ресейлік команда бапкерлерінің жоспарына кірмейді. "Қазір біз "Астанамен" жалға беру мерзімін ұзарту туралы сөйлесіп жатырмыз", - деді Корниленко. 

Қазір "Астана" сапына қайта ауысу да футболшы үшін маңызды болып тұр. 

Еске салайық, Айымбетов өткен маусымда Қазақстан біріншілігінде 14 кездесуге қатысып, алты гол соқты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport