Футбол
17 наурыз 2022 17:44
 

Ресейлік команда Қазақстан құрамасының футболшысымен келісімшартты ұзарту үшін келіссөз бастады

  Пікірлер

blog.share

Ресейлік команда Қазақстан құрамасының футболшысымен келісімшартты ұзарту үшін келіссөз бастады ©"Ахмат" ФК

Грозный қаласының намысын қорғайтын "Ахмат" командасы келісімшартты ұзарту үшін Қазақстан құрамасының қорғаушысы Марат Быстровпен келіссөз бастады, деп жазады Metaratings.ru порталы. 

blog.share

Грозный қаласының намысын қорғайтын "Ахмат" командасы келісімшартты ұзарту үшін Қазақстан құрамасының қорғаушысы Марат Быстровпен келіссөз бастады, деп жазады Metaratings.ru порталы. 

Қорғаушының қазіргі келісімшарты биыл маусым соңында аяқталады. Маусымнан кейін команда Быстровқа жаңа келісімшарт ұсынбақшы. 

Жалпы "Ахмат" сапында 29 жастағы қорғаушы 44 кездесу өткізіп, 2 гол соғып, бір қызыл қағаз алған. Transfermarkt порталы бұл футболшыны 900 мың еуроға бағалап отыр. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Андрей Карпович Марат Быстровты Молдоваға қарсы ойынға шақыртқан еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!