Ресейлік команда Қазақстан чемпионатындағы футболшыны сапына қоспақ

7 желтоқсан 2021 13:39
©"Шахтер" ФК

"Атыраудың" жартылай қорғаушысы Соломон Удо РПЛ-дегі "Нижний Новгород" командасына өтуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

Meta-ratings.kz мәліметінше, ресейлік клуб Удоны жартылай қорғаушы Петрюс Бумальдің орнын басатын ойыншы ретінде қарастырып отыр. Ал камерундық футболшы бас бапкер Александр Кержаковпен кикілжіңнен кейін командадан кеткен.

Соломонда ЕАЭО одағына мүше елдің төлқұжаты бар, сондықтан ол Ресей мен Қазақстан нарығында сұранысқа ие. Удо Армения құрамасының негізгі құрамында ойнайды. 

25 жастағы футболшы маусымды "Шахтерде" бастап, жазда "Атырау" сапына жалға алу құқымен өткен. ҚПЛ-де ол 21 матчке қатысты. Ойыншының қарағандылықтармен келісімшарты аяқталуға жақын, сол себепті ол еркін агент ретінде кез келген командаға тегін тиеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport