"Қайраттың" бұрынғы шабуылшысы Вагнер Лав карьерасын Ресей чемпионатында жалғастыру мүмкін, деп хабарлайды "Инсайды от Карпа" телеграм арнасы. Бразилиялық шабуылшыға "Химки" командасы қызығушылық білдіруде.
Команданың жаңа басшысы ("Химкидің" бас директоры болып жуырда Владимир Габулов тағайындалды) Вагнер Лавты командаға шақырып жатыр. 37 жастағы шабуылшының жуырда "Қайратпен" келісімшарты аяқталды. Ал оның ЦСКА командасына баруға мәскеуліктердің басшысы Гинер қарсы. Ал "Химкиге" Лавты Габуловтың жеке өзі шақыруда.
Лав "Қайрат" жанкүйерлерімен қараша айында қоштасқан еді. Ол алматылық команданың намысын 2020 жылдың жазынан бастап қорғады.
Айта кетейік, "Химки" қазіргі уақытта Ресей біріншілігінің 18 турынан кейін 14 ұпай жинап, 16-орында келеді.