Норвегиялық футболшы Матиас Норманн бұдан бұлай ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетпейді. Оған себеп жартылай қорғаушының мәскеулік "Динамо" командасымен келісімшарт жасауы болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Норманн осыған дейін "Ростов" сапында өнер көрсеткен болатын. Кейін 2021 жылы ол ағылшындық "Норвич" командасына жалға берілді. Ал маусым айында ресейлік командаға қайта оралды.
Норвегия футбол ассоциациясының таратқан ақпараты бойынша, құраманың бас бапкері Столе Сольбаккен футболшының өзіне хабарласып, футболшының "Динамо" сапына ауысып жатқаны үшін ол енді Норвегия сапына шақырту алмайтыны туралы хабарлаған.