Ресейлік клуб қазақстандық футболшының болашағына қатысты шешімге келді
©Sportbox
"Ахматтың" бас бапкері Андрей Талалаев командада қалатын футболшыларды атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Ахматтың" бас бапкері Андрей Талалаев командада қалатын футболшыларды атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Грозныйлық клуб РПЛ маусымын жетінші орында аяқтады.
"Бізге команданы сақтап қалу керек - қазір бар күш соған жұмсалуда. Харин, Быстров және Шелия "Ахматта" қалатыны анық. Карапузов пен Тодорович бойынша талқылап жатырмыз, Уткинді командада қалдырғымыз келеді, егер осы жазда басқа клубқа ауысып кетпесе", - деп береді маманның сөзін "Спорт День за Днем".
Айта кетейік, қазақстандық Марат Быстров "Ахмат" сапында 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.
Жарнама