Қазақстандық футболшы Акмаль Бахтияров "Сочи" командасынан шығарылды. Бұл туралы РПЛ сайтында хабаралнаған.
Мәлімет бойынша, бұл 25 ақпанда болған. Кейінгі рет ол "Тамбовта" болды, алайда, келісімшартқа отырмады.
22 жастағы Акмаль "Сочиде" 2019 жылдың қаңтарынан ойнай бастаған, содан бері 11 матчке ғана қатысқан. Сонымен қоса, ол армениялық "Ноа" мен "Қайраттың" жастар құрамында ойнаған.
Қыста жартылай қорғаушы "Тобылда" болды, дегенмен, бұл командамен де келісімшарт жасаспады.