Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат өнер көрсететін ресейлік "Оренбург" футбол клубының басшылығы футболшыларға келісімшарттарын қайта қарап, еңбекақыны 30 пайызға төмендетуді сұрап отыр.
"Чемпионат" порталының мәліметіше, ойыншылар бұдан бірден бас тартқан, ал клуб мұны банкрот болып қалу қаупімен түсіндіруде. Пандемия салдарынан наурызда тоқтаған РПЛ ойындары 21 маусымда қайта жалғасады. Бұл үзіліске дейін "Оренбург" 23 ұпаймен 16 команда арасында 13 орында болған.
Мамырда клубта президент пен бас бапкер ауысты, ал кеше, 1 маусымда команда сапынан қақпашы Александр Довбня пен ең үздік бомбардир Джордже Деспотович кетіп қалды. Айта кетейік, ресейлік клубқа дейін сербиялық форвард "Астана", "Тобыл", "Қайрат" пен "Жетісуда" ойнаған.
27 жастағы Исламбек "Оренбургке" 1 қаңтарда "Қайрат" сапынан кеткен болатын. РПЛ-де ол үш ойынға ғана қатыса алды - "Крылья Советов" (1:1), "Арсенал" (1:0), "Спартакпен" (1:3) және екі рет сары қағаз алды.