FD68kniIH9A4AwbjC4QlYT99tTBfJn3qb5i3m2P8
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Ресейлік клуб Қазақстан құрамасы ойыншысынан еңбекақысын азайтуды сұрады

Ресейлік клуб Қазақстан құрамасы ойыншысынан еңбекақысын азайтуды сұрады
Сурет: "Оренбург" ФК
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат өнер көрсететін ресейлік "Оренбург" футбол клубының басшылығы футболшыларға келісімшарттарын қайта қарап, еңбекақыны 30 пайызға төмендетуді сұрап отыр.

"Чемпионат" порталының мәліметіше, ойыншылар бұдан бірден бас тартқан, ал клуб мұны банкрот болып қалу қаупімен түсіндіруде. Пандемия салдарынан наурызда тоқтаған РПЛ ойындары 21 маусымда қайта жалғасады. Бұл үзіліске дейін "Оренбург" 23 ұпаймен 16 команда арасында 13 орында болған. 

Мамырда клубта президент пен бас бапкер ауысты, ал кеше, 1 маусымда команда сапынан қақпашы Александр Довбня пен ең үздік бомбардир Джордже Деспотович кетіп қалды. Айта кетейік, ресейлік клубқа дейін сербиялық форвард "Астана", "Тобыл", "Қайрат" пен "Жетісуда" ойнаған.

27 жастағы Исламбек "Оренбургке" 1 қаңтарда "Қайрат" сапынан кеткен болатын. РПЛ-де ол үш ойынға ғана қатыса алды - "Крылья Советов" (1:1), "Арсенал" (1:0), "Спартакпен" (1:3) және екі рет сары қағаз алды. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар
14 қыркүйек, 19:09
Футбол
"Кальяри" бас бапкерсіз қалды "Кальяри" бас бапкерсіз қалды