Спорт | Қызықтылар | Vesti.kz |
Жарнама
Ресей құрамасы мен ЦСКА командасының бұрынғы футболшысы Евгений Алдонин қазақстандық Бахтиер Зайнутдиновтің "Аталантаға" ауысуы туралы ақпаратқа пікірін білдірді, деп жазады "РБ Спорт".
"Италия чемпионатының деңгейі қазір көтерілуде. "Аталанта" - жақсы бапкері бар мықты командалардың бірі. Алексей Миранчуктің жағдайына қараудың қажеті жоқ. Әр футболшының карьерасы әртүрлі. "Аталантаға" ауысу - қосымша мотивация болады. Бірақ бұл жерде алдымен ЦСКА мен Зайнутдинов келісуі керек.
Зайтундинов әмбебап футболшы. Бірнеше позицияда ойнай алады. Осы жағынан ол көпшіліктің назарына ілікті. Алдағы уақытта Бахтиер шабуылда да жақсы ойнауы мүмкін. Ал қорғанысты мықты ұстайды. Әрине, Зайнутдинов "Аталанта" командасын күшейтеді", - деді Алдонин.
Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар
@vestisport @vestikzsportVesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама