Ресейлік футболшы Мбаппеден асып түсті

©Global Look Press

Футболдан Ресей құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Головин "Монаконың" үздік мергендері рейтингінде 37-орынға көтерілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жексенбі күні өткен Франция чемпионатының 10-турындағы "Метцаға" қарсы мачте (2:1) Головин дубль жасады. Осылайша, ол монаколықтар үшін 29 гол салып отыр. 

Осының арқасында Головкин "Монако" үшін салған голдар саны бойынша Тьерри Анри (28), Бернарду Силва (28) және Килиан Мбаппеден (27) асып түсті. Ал бұл клубта голдар бойынша рекордсмен Делио Оннис (193).

Головин "Монако" сапына 2018 жылы мәскеулік ЦСКА-дан 30 мың еуроға  өткен. Оның қазіргі келісімшарты 2026 жылға дейін есептелген.

Айта кетейік, "Метцті" ұтқаннан кейін "Монако" Франция чемпионатында бірінші орынға көтерілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport