Ресейлік футболшы Қазақстан құрамасында ойнауы мүмкін

27 желтоқсан 2022 20:25
©"Урал" ФК

"Матч ТВ" телеранасы екатеринбургтік "Урал" қорғаушысы Мингиян Бевеев Қазақстан құрамасында ойнауы мүмкін екенін жазды.

Жаздан бері "Урал" сапында өнер көрсетіп жүрген Бевеев Қалмақияда (Ресей) дүниеге келген. 27 жастағы футболшы мансабын 2014 жылы "Волгар" клубында бастаған.

"Матч ТВ" дереккөзінің хабарлауынша, Бевеев Қазақстан құрамасын таңдап, келер жылы құрамадағы алғашқы матчын өткізуі мүмкін.

Бұған дейін Бевеев Ресей құрамасының қарашадағы оқу-жаттығу жиынына шақырылып, Тәжікстан (0:0) және Өзбекстан (0:0) құрамасына қарсы жолдастық кездесулерге арналған кеңейтілген тізімге енген. Бірақ соңында құрамаға қосыла алмады.

Биылғы маусымда қорғаушы 18 кездесуге қатысып, алты сары қағаз алды және бір рет алаңнан қуылды.

Transfermarkt.com порталының дерегінше, "Урал" футболшысының екі азаматтығы бар – Ресей және Қазақстан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: