ЦСКА бас бапкері Алексей Березуцкий клубтан кетуіне қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады "Спорт-Экспресс" басылымы.
Осыған дейін ресейлік БАҚ-та Березуцкийдің командадан кететіні туралы ақпарат тараған еді.
"Клубтан кету туралы? Ресейлік газеттерді оқымаңыз", - деп жазады басылым бапкердің сөзін келтіріп.
Осыған дейін "СЭ" газеті 39 жастағы Березукцкийдің "Краснодармен" өткен ойында (0:1) ұтылған соң клуб басшылығынан өз еркімен қызметінен кеткісі келетін туралы ниеті барын жазған.
Кезінде мәскеулік командада доп тепкен маман ЦСКА клубын 2021 жылдың шілдесінен бері жаттықтырып келеді. Әзірге "әскерилер" Ресей чемпионатында 47 ұпаймен бесінші орынға жайғасқан.