Футбол
6 мамыр 2022 16:57

Ресейлік бапкердің Қазақстан құрамасымен қанша жылға келісімшарт жасағаны анықталды

©"Ахмат" ФК

44 жастағы ресейлік маман Магомед Адиев Қазақстан футбол федерациясымен қанша жылға келісімшарт жасағаны белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

ҚФФ бас бапкерді бүгін, 6 сәуір күні Футбол үйінде таныстырды. Бізге жеткен ақпарат бойынша Магомед Адиев Қазақстан құрамасымен бір жылдық келісімшарт жасаған. Егер бапкердің жұмысы ҚФФ-ға ұнайтын болса, тағы бір жылға ұзартуға болады. 

Айта кетейік, Магомед Адиев бірнеше танымал футбол клубтарда ойнады: "Анжи", "ЦСКА", "Спартак", "Терек" және қазақстандық "Жеңіс".

Бапкерлік мансабын 2010 жылы бастап, "Ахмат", "Анжи", "Чайка" командаларын жаттықтырды.

2021 жылы қарағандылық "Шахтер" футбол клубының бас бапкері қызметін атқарып, УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңіне жетті. Сонымен қатар, қарағандылық ұжымды Қазақстан Кубогының финалына шығарды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport