auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Ресейлік агент қазақстандық Зайнутдинов пен Сейдахметтің Ресей премьер лигасындағы мүмкіндігін айтты

Ресейлік агент қазақстандық Зайнутдинов пен Сейдахметтің Ресей премьер лигасындағы мүмкіндігін айтты
© "Ростов" ФК
Ресейлік футбол агенті Рустам Раджабов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Бахтиер Зайнутдинов пен Еркебұлан Сейдахметтің РПЛ-дегі болашағына болжам жасады.  

- Жақында Бахтиер Зайнутдинов "Ростовқа" ауысуымен Қазақстанның трансферлік нарығын дүр сілкіндірді, қалай ойлайсыз ресейліктер оны көптен бері көздеді ме?

Ростовтықтар ол жігітті өткен маусым бойы қадағалап келді. Оның КПЛ-дегі ғана емес, еурокубоктардағы ойнына де көз салып жүрді. Сондықтан бұл трансфер мен үшін күтпеген жағдай болмады. 

- "Ростовқа" қандай позицияда пайдалы болуы мүмкін?

- Бахтиер - әмбебап ойыншы, бірнеше позицияда бола алады. Құрама мен клубта түрлі позицияда жүрді, бірақ, ол қорғаудан гөрі шабуылға жақсы. Жақында ғана "Ростовтан" жартылай қорғаушы Артур Юсупуов мәскеулік "Динамоға" ауысты. Зайнутдиновты соның орнына алған сияқты. 

- Оның ауысуы болашаққа қамдану ма, әлде маусымның екінші кезеңіне күшею ме?

- Екеуі де. Валерий Карпинде ол өзінің зор әлеуетін көрсете алса, "Ростов" оған ресейлік топ клубтарына саты болуы мүмкін. Зайнутдиновте ол үшін бәрі бар. 

- Ол Сейдахметтің жолын қайталай ма, әлде тәжірибесі есебінен өзгешелеу болу керек па?

- Оларды салыстырсақ, қазір Сейдахметтен гөрі Зайнутдинов артықтиау дер едім. Еркебұланға ет өсіріп, ҚПЛ-де есейіп алып барып, күштірек чемпионатқа өту керегін бірнеше рет айтқанмын. Ал Бахтиер керек тәжірибесін жинады да, ілгерлеп келеді. 

- Сейдахметке не істеу қажет - өзін "Уфада" көрсетуге тырысу немесе "Қайратқа" өткен жөн бе?

- Сейдахметпен келісімшарт Шамиль Газизовтың оң шешімі. Клуб трансферге де жұмыс істейді. Соныдқтан "Уфа" жастарды қабылдайды. Уфалықтардың қазіргі таңда турнир кестесіндегі көрсеткіштері мәз емес, сол себепті жоғары дивизионда қалу үшін тәжірибелі әрі сенімді ойыншыларға мән беріледі. Еркебұлан бірнеше рет жарақаттанды, сондықтан оны "Қайратқа" жалға беру дұрыс шешім сияқты. 

- Қазақстандықтар осы жазда-ақ Ресейде легионер есептелмейтін болатыны айтылып жүр. Бұл басқа да футболшыларға мүмкіндік береді, әлде бұл қаңқу сөз бе?

- Бұл көптен бері талқыланып келеді. Бірақ жылдан жылға өзгеріс жоқ. Бұл жазда бірдеңе өзгере қояды деп ойламаймын, бәрі қауесет деңгейінде қалып отыр.

Еске салайық, 20 жастағы Қазақстан құрамасының ойыншысы "Ростовқа" ауысқаны 12 қаңтарда хабарланды. Зайнутдинов жаңа клубы үшін жолдастық кездесуде ойнап та үлгерді. Дегенмен клуб оны әлі РПЛ-ге шығара алмайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама