Ресейдің жастар құрамасында ойнаған футболшы Қазақстанның ұлттық командасына шақырту алды

24 қыркүйек 2021 14:12
©"Рубин" ФК

Ресейдің "Рубин" командасының жартылай қорғаушысы Александр Зуев Қазақстан футбол федерациясымен біздің құрамада өнер көрсету үшін келіссөз жүргізген, деп хабарлайды Meta-ratings.kz порталы. 

25 жастағы футболшы Қостанай қаласында дүниеге келген. Бірақ жас кезінде отбасымен Ресейге көшіп кеткен. Зуев Қазақстанда "Тобыл" командасында жаттыққан. Алайда мәскеулік "Спартак" командасының тәлімгері болып саналады. 

Порталдың ақпараты бойынша, екі тарап арасындағы келісімшарт әлі аяқталмаған. 

Биыл жартылай қорғаушы Ресей біріншілігінде екі кездесуге қатысқан. "Рубинге" дейін ол "Спартак", "Крылья Советов" және "Ростов" командалары сапында ойнады. 

Сондай-ақ, Зуев Ресейдің жастар құрамасында 14 кездесуге қатысып, төрт гол салған. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар