Венгриялық "Ференцварош" клубының бапкері Станислав Черчесов Еуро-2024 іріктеу матчтінде Қазақстанның Данияны ұтып сенсация жасағанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "СЭ".
Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Данияны 3:2 есебімен ұтты. Ал Еуро-2020 турниріне іріктеуде Черчесов жаттықтырған Ресей құрамасы Даниядан 1:4 есебімен ұтылған еді.
"Футбол әлемі тығыз байланыста ғой. Адиевтің Қазақстанда қалай еңбек етіп жатқанын көріп жүрмін. Біз ұта алмаған Данияны жеңгендеріне қуаныштымын. Магомед Ресейдің футбол мектебін шетелде лайықты деңгеде көрсетіп жүр. Құраманы жаттықтыру кез келген бапкер үшін мақтан. Бұл жағынан менің жолым болды, мен бірнеше жыл өз елімнің құрамасын жаттықтырдым, бұл мен үшін мақтан ғана емес, үлкен артықшылық болды", - дейді Черчесов.