Футбол
9 шілде 2018 13:12
 
Ресейдегі әлем чемпионатына FIFA іріктеген төреші өмір бойы футболдан шеттелді

  Пікірлер

blog.share

Ресейдегі әлем чемпионатына FIFA іріктеген төреші өмір бойы футболдан шеттелді © FIFA.com

Ресейдегі футболдан әлем чемпионатына арнайы іріктеліп алынған кениялық арбитр Айден Рэндж Марва жемқорлық үшін өмір бойына футболдан шеттелді, - деп хабарлайды Америкалық футбол конфедерациясы (CAF).

Марва мундиальға бас төрешінің көмекшісі ретінде қатысу керек болатын, бірақ, пара алу күдігне байланысты ол турнирге бармай қалды.

Кениялық арбитр деректі фильмде африкалық құрлықтық турнир кезінде 600 доллар көлемінде пара алып жатқаны көрініп қалған. Бұл көріністі ганалық журналист Анас Аремеяв Анас түсіріп алған. Фильм BBC Africa арнасынан көрсетілді.

Сонымен қатар, FIFA Марва мен фильмде көрсетілген басқа да тұлғалардың ісін "тергеу және сот органдарына" бергенін мәлімдеді. Ұйым мұндай оқиға болғаны дәлелденсе, "қатаң жазалар" қоллданылатынын атап өтті.

Марва FIFA дайындығынан өтіп, Ресейдегі чемпионатқа іріктелген жүз төрешінің ішінде жемқорлыққа қатысы бар екінші адам. Мұның алдында Сауд Арабиясының Футбол федерациясы ұлттық кубок финалында жеңіске жету үшін командадан пара талап еткен Фахад Әл-Мирдасиді футболдан шеттеті. 

Марва мен Әл-Мирдаси 2017 жылы Ресейдегі конфедерация кубогында қызмет еткен. Сондай-ақ, кениялық арбитр 2014 жылы Бразилияда өткен чемпионатта қосымша төреші болған. 

Жарнама

Живи спортом!