Ресейде ойнаған қазақстандық шабуылшы "Ордабасыға" ауысады

©"Олимп-Долгопрудный"

Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы шабуылшысы Акмаль Бахтияров жуық арада "Ордабасы" сапына ауысады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне футболшының агенті Дмитрий Селюк айтты. 

"Акмаль "Ордабасымен" келісімшарт жасауға келді. Бәрін келісіп қойды. Трансферлік кезең ашылғанда шымкенттік команда оны қатарына қосады", - деді Селюк. 

Айта кетейік, 2021/22 жылғы маусымда Бахтияров Ресейдің Ұлттық футбол лигасында (ҰФЛ) өнер көрсетіп, 24 кездесуде бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. 

Негізі Бахтияров "Қайрат" командасының тәлімгері. 2017 жылдан бастап ол алматылық команданың негізгі құрамына іліккен еді. Бірақ 2019 жылы ол алдымен "Арцах", кейін ресейлік "Сочиге" ауысты. Ал 2021 жылғы маусымның жартысын "Жетісуда" өткізді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар