Ресейде ойнаған Қазақстан құрамасының шабуылшысы "Тұранның" сапына қосылды

©ҚФФ

Қазақстан құрамасы мен ресейлік "Ротордың" шабуылшысы Алексей Щеткин "Тұран" сапына ауысуы мүмкін. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлап отыр. 

Тәжірибелі шабуылшы түркістандық команда сапына қосылды. Бірақ Щеткин негізі Түркия жеріндегі жаттығу жұмыстарына "Ротормен" бірге келген болатын. 

Айта кетейік, Ресейге кетерге дейін Щеткин елімізде "Жетісу", "Астана", "Тобыл", "Ордабасы", "Ақтөбе", "Атырау" және "Тараз" командаларының намысын қорғаған. Сонымен қатар, ол тұрақты түрде Қазақстан құрамасына да шақырту алып тұрады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар