Ресейде Нұралы Әліптің "Зенит" үшін қаншалықты маңызды екені айтылды

©"Зенит" ФК

Спорт туралы ресейлік "Матч ТВ" арнасы РПЛ-дегі қысқы трансферді қорытындылай келе Нұралы Әліптің "Зениттегі" маңызына тоқталды. 

"Қайрат" пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы петерборлық клубқа жалға алу құқымен 2022 жылдың соңына дейін ойнайды. 

"Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің "Зениттегі" болашағы қандай болары қызықты. Жаттығу жиындарында ол екі голмен көзге түсті. Оны 2022 жыл соңына дейін жалға алды. Лимит жағдайында қазақстандық футболшы легионер еместігі маңызды. Әліптің команда сапынан Ловрен, Ракицкий немесе Чистяковты (Адамов тағы бар) ығыстырып тастағанын елестету қиын, дегенмен, мұндай деңгейдегі ойыншы клубқа артық етпейді", - деп жазады ресейлік БАҚ. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport