Футбол
29 қыркүйек 09:56

Ресейде ФИФА мен УЕФА турнирлеріне оралу туралы мәлімдеме жасады

©Михаил Шапаев, РФС

Ресейдің спорт министрі және Олимпиада комитетінің басшысы Михаил Дегтярев ресейлік клубтардың ФИФА мен УЕФА аясындағы жарыстарға жақын арада қайта оралатынына сенімді, деп хабарлайды Vesti.kz.

- Ресейлік футбол әлемдік көшбасшылар қатарына қайта орала ала ма? Әлде мақсат – ішкі чемпионатты күшейту ме?

- Әрине, ораламыз. Біз ешқайда кеткен жоқпыз. Еурокубоктар уақытша жабық, бірақ, біз міндетті түрде қайта ораламыз. Чемпионатты күшейту қажет, жас ойыншыларды дайындау жүйесін құру, оларға көбірек тәжірибе беру керек. Біз бұл туралы Ресей футбол одағымен сөйлесіп жатырмыз, - деп береді Дегтяревтің сөзін Матч ТВ.

Айта кетейік, 2022 жылғы ақпан айынан бастап ФИФА мен УЕФА шешімімен Ресей құрамасы мен ресейлік клубтар халықаралық турнирлерге қатысудан шеттетілген.

Бұған дейін Ресей скейтбординг федерациясының вице-президенті әрі "Целе" клубының президенті Валерий Колотило УЕФА басшысы Александер Чефериннің ресейлік футболды халықаралық аренаға қайтару бағытында жұмыс істеп жатқанын мәлімдеген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport