"Ресейді тозақ күтіп тұр". Хорватияның бұрынғы ойыншысы бүгінгі матч жайлы

©СЭ

Хорватия құрамасының экс-жартылай қорғаушысы Никола Шафарич ӘЧ-2022 іріктеу турнирі аясында Хорватия мен Ресей арасындағы ойын алдында пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Бүгін Хорватия командасы өз жанкүйелерінің алдында жеңіске жетеді деп ойлаймын. Сплиттегі стадионда ресейліктерді тозақ күтіп тұр. Себебі жергілікті жанкүйерлер матчтың басынан соңғы минутқа дейін керемет атмосфера жасайды. Ресей сапында ешкімді бөліп жарғым келмейді. Себебі Ресей құрамасы біртұтас команда ретінде мықты. Дейтұрғанмен, Миранчук пен Головин кез-келген сәтте біздің қақпамызға қауіп төндіруі мүмкін. Не болса да бұл кездесуде Хорватия футболшылары фаворит", - дейді Шафарич.

Еске салайық, H тобында Ресей 22 ұпаймен көш бастап тұрса, Златко Даличтің Хорватиясы 20 ұпаймен екінші орынға жайғасқан. Соңғы турда "шақпақ жейделілер" өз алаңында Ресейді жеңсе әлем чемпионатына бірінші орынмен жолдама алады. Ал Карпин баптайтын Ресей командасына Балқан түбегінде тең есептің өзі жеткілікті болады. Хорватия мен Ресей арасындағы матч бүгін елорда уақытымен 20:00-де басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: