Испаниялық клубтарда өнер көрсеткен Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы Александр Мостовой "Қайраттың" экс бапкері Курбан Бердыевтің Иранның "Трактор" клубына ауысқанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Чемпионат".
"Курбанмен кейінгі кезде қызық жағдай болып жүр. Бір орында тұра алмайды. Осы жерде тұрақтап қала алар еді. Әлде орындалмас шарттар қойып жүр ма? Сондықтан бірде анда, бірде мында жүрген болар. Өзін өте сыйлы көрсеткісі келіп жүрген сияқты. Әйтпесе біздің чемпионатта кез келген командада жұмыс істей алатын еді", - дейді Мостовой.