Ресей құрамасының бұрынғы футболшысы "Ақтөбеден" кетті
©"Ақтөбе" ФК
Ресейлік футболшы Руслан Камболов қазақстандық "Ақтөбе" командасынан кетті. Бұл туралы Metaratings.ru хабарлады.
Ресейлік футболшы Руслан Камболов қазақстандық "Ақтөбе" командасынан кетті. Бұл туралы Metaratings.ru хабарлады.
Футболшының келісімшарты аяқталған. Ал клуб оны ұзартуды жөн санамапты.
32 жастағы Камболов биыл ҚПЛ-де 18 ойынға қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Ол "Ақтөбе" командасымен биыл Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесін жеңді.
Камболов осыған дейін Ресей құрамасында алты кездесу өткізген. Ал жалпы Ресейде ол "Краснодар", "Рубин" және "Нефтехимик" командаларының намысын қорғаған.
Жарнама