Ресей құрамасының бапкері қазақстандықтарға РПЛ-де тең құқық берілгеніне қатысты ойын айтты

Сурет: Football24.ru
Футболдан Ресей құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов "Матч ТВ" арнасына берген сұхбатында ЕАЭО елдерінің футболшылары енді легионер санатынан шығып, жергілікті футболшылармен тең құқылы болатынына қатысты өз ойын айтты. 

Бұл ереже Ресей премьер-лигасының жаңа маусымынан бастап қолданысқа кіреді. ЕАЭО елдеріне Қазақстан мен Ресейден бөлек Армения, Беларусь пен Қырғызстан кіреді. Алайда беларуссиялықтар 2019 жылдың наурызынан бері легионер есептелмейді. 

- Қазақ, қырғыз бен армяндар енді легионер емес. 

- Бұл жағынан ешқандай қиындық көріп тұрғаным жоқ. Тағы айтайын: ашық кеңістік бар, бұл елдердің футболшылары легионер саналмаса да, олар автоматты түрде ойнайды дегенді білдірмейді. Олардың ешбіріне абонемент беріп қоймайды, жоқ дегенде солай боларына үміттенемін. Ойнау үшін бірінші өзін дәлелдей алу керек", - дейді маман.