Ресей жарысты соңғы орында аяқтады

сурет: uefa

Ресей құрамасы Еуро-2020 жарысында топтан шыға алмады. B тобында 4 команданың арасында ең соңғы орынға табан тіреді. Үшінші турда Даниямен кездесіп, ірі есеппен ұтылғанын айта кеткен жөн. Копенгагендегі матчта даттар сапында Дамстор, Поульсен, Кристинсен және Йоахим Мехлелер ерекшеленсе, ресейліктерден Артем Дзюба 11 метрлік айып добын мүлтіксіз орындады. Қорытынды есеп 4:1.

Осылайша Станислав Черчесов шәкірттері кәрі құрлық турнирін орта жолда аяқтап отыр. Бір қызығы В тобында Бельгия 9 ұпаймен бірінші орында тұрса, артынша Дания, Финляндия және Ресей командалары 3 ұпайдан еншілеген. Алайда голдар саны бойынша солтүстік көршіміз соңғы орынға жайғасты.

 

Метки: