"Ресей - ғарыш емес". 2002 жылғы Қазақстанның үздік футболшысы Исламхан мен Қуаттың РПЛ-дегі мүмкіндігі жайлы

27 желтоқсан 2019 09:46
© "Қайрат" ФК
2002 жылы Қазақстанның үздік футболшысы атанған Евгений Ловчев алматылық "Қайраттан" кеткен Исламбек Қуата пен Бауыржан Исламханның Ресей премьер-лигасында ойнау мүмкіндігіне бағасын берді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол құраманың жартылай қорғаушылары күшейте алатын командаларды атады.

Еске салайық, "Қайрат" басшысы Қайрат Боранбаев Қуат пен Исламханның командадан кеткені жайлы мәлімдеген. Келісім бойынша, футболшылар қазақстандық өзге клубтарға бара алмайды. 

"Қуат пен Исламханға РПЛ турнирлік кестесінде бесінші орыннан төмен командаларда ойнауына әбден болады. Ресей чемпионаты ғарыштық деңгейде емес, сондықтан жігіттер РПЛ ойыншылары бола алады. 

Исламхан "Локомотивте"? Қазіргі таңда "Локо" сапында Исламханнан кем емес футболшылар жарқырап жүр", - дейді Ловчев.

Мұның алдында, Куат "Оренбург", ал Исламхан "Локомотив" сапына өтуі мүмкін екені айтылған.