Ресей Еуропа чемпионатын қабылдауға ұсыныс жасамақ

©Reuters

Ресей футбол одағының вице-президенті Сергей Анохин 2028 және 2032 жылдары өтетін Еуропа чемпионатын қабылдауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"2028, 2032 жылдары өтетін Еуропа чемпионатын қабылдауға дайынбыз. Ұсыныс жасаймыз. Бұл біз үшін өте маңызды", - дейді Анохин "Чемпионат" басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, 2018 жылы Ресейде футболдан әлем чемпионаты өтті. Алайда қазіргі таңда әлемдегі саяси оқиғалардан кейін ФИФА бұл ұсынысты қабылдауы екіталай.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар