Ресей Еуро-2020 турнирінде бірінші жеңісіне жетті

Сурет: uefa.com©

Ресей Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің екінші турында Финляндияны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

В тобындағы кездесу Санкт-Петербургте өтіп, 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Бұл ойында бірінші голды финляндиялықтар сапынан Йоэль Похьянпало салған еді. Дегенмен ол офсайд болғандықтан есептелмеді. 

Ал 25-ші минутта Станислав Черчесов жаттықтыратын команда алаңда Марио Фернандестен айырылды - Бахтиер Зайнутдиновтың ЦСКА-дағы командаласы допқа талас кезінде жарақат алып қалды. Алаңға оның орнына Вячеслав Караваев шықты.

Алексей Миранчук қосымша уақытта 45+2 минут, Лукаш Градецки қақпасына дәл соққы жасады. Екінші таймда есепте ешқандай өзгеріс болмады. 

Осылайша, Ресей үш ұпай жинап, топта екінші орынға көтерілді, ал Финляндия үшінші болды.

Ресей келесі ойынды 21-маусым Данииямен өткізеді, ал Финляндия құрамасы Бельгиямен ойнайды.

Жаңалықтар