Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар жазғы трансферлік кезеңде "Пари Сен-Жермен" сапынан кеткісі келеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
L’Équipe мәліметінше, өткен демалыста бразилиялық ойыншы клуб басшылығына команда ауыстырғысы келетінін айтыпты.
Футболшының ойынша, ПСЖ алаңнан тыс жерде ойыншыларды жанкүйерлердің түртпектеуінен қорғамайды - көктемде жанкүйерлер футболшының үйіне келіп, командадан кетуін талап еткен. Неймарға әлі де наразы адамдар клубтан оны трансферге қоюын талап етуде.
Неймар карьерасын 2013-2017 жылдары ойнаған "Барселонада" жалғастырғысы келеді екен. Алайда каталондық клуб 31 жастағы шабуылшының трансферін қарастырып отырған жоқ.
Неймар мен ПСЖ арасындағы келісімшарт 2025 жылға дейін есептелген.